«Халық алғысы» медалі табысталды
Общество   16.10.2020   968
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 8 маусымдағы №348 Жарлығына сәйкес коронавирус індетімен күресте белсенділік танытқан текелілік азаматтар: «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының дәрігері Мәлікбаев Есенгелді Баймұхамбетұлы, «Жетісу шапағаты» қайырымдылық қорының Текелі қаласы бойынша жетекшісі Бахытақын Мергенбай, полиция лейтенанты Шалов Мирас Амангелдіұлы «Халық алғысы» медалімен марапатталды.